Ол жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. Мысалы, «вакциналар ауруды қоздыруы мүмкін бе?». Жоқ, бұл вакциналар ауруды қоздыра алмайды, өйткені бұл тірі вакциналар емес. Ал антиденелер екінші компонентті алғаннан кейін 35-45-ші күннен кейін пайда бола бастайды, бірақ ...

«Вакцинадан кейін антиденелердің қалыптасы бірнеше себептерге байланысты. Бұл, ең алдымен, вакцинациядан кейінгі адамның тәртібі. Ол алкоголь іше бастады делік. Алкоголь антиденелердің қалыптасуын тежейді. Сондай-ақ, иммунодепрессанттар қабылдайтын адамдарда иммунитет қалыптаспауы мүмкін - ондай адамдар бізде өте көп -мысалы, онкологиялық аурулармен, АИТВ-инфекциясымен ауыратын адамдар. Халықаралық статистика бойынша, әлем халқының шамамен 10%-ында кез келген вакцинаға антиденелер қалыптаспайды», - деп түсіндірді профессор.

Оның пікірінше, вакцинация – бұл асқынуларсыз және ауырмай иммунитет қалыптастырудың ең қауіпсіз және ұтымды жолы.