Ұлттық ұлан - Ішкі істер органдарының ажырымас бөлігі. 

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдық мерейтойын Ұлттық ұлан сарбаздары зор ықыласпен қарсы алып жатыр. Халқымыздың азаттық жылдарындағы басты байлығы – тұрақтылық, бейбітшілік және келісім. Бұл құндылықтарды және қоғамдық қауіпсіздікті таңдау үшін ел қорғаны – ұлттық ұлан тағайындалған. Олар қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін, азаматтарымыздың бостандығы мен құқығын, қылмыстық және басқа да заңға қайшы әрекеттерден қорғайды. Ұлттық ұланның қатарында қызмет ету ол үлкен абырой мен құрмет», - деді С.Имиров жас азаматтарды Ұлттық ұлан қатарында қызмет етуге шақыра отырып.


Оның айтуынша, әскерде қызмет етуге барлық қажетті жағдай жасалған. Әскерлер лайықты жалақы, түрлі әлеуметтік көмектер және баспанамен қамтамасыз етіледі.