«ҚР азаматтары 18-27 жас аралығында жылына екі рет көктемде және күзде әскерге шақырылады. Қазіргі кезде шекара қызметі мен қорғаныс министрлігіне әскерге шақыру жүріп жатыр. Әскерге шақырылушыларды іріктеу және алдын ала зерделеу үшін ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімдерінің өкілдері тартылады. Жасақтау үшін іріктеу негізі орта білімнен төмен емес білімі бар әскерге шақырылушылардың қатарынан жүзеге асырылады. Бұл ретте заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе ҚР қылмыстық процесстік кодексінің 35-бабының тармақтарына сәйкес жауаптылықтан босатылған, сондай-ақ, әскерге шақырылушылардың әскерге шақыру сәтіне белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған сотталғандығы бар жақын туыстары бар адамдар әскерге шақырылмайды», - деді Ф.Айдарбаев. 


Бұл ретте Ұлттық ұлан қатарына қосылуға ниет білдіргендер жергілікті әскери атқару органдарындағы өкілдерге жүгінуі тиіс. 17 қалада мерзімді әскери қызмет атқаруға болады. Бөлім бастығының айтуынша, басқа құрылымдарға қарағанда Ұлттық ұлан әскелері қала орталықтарында орналасқан және жаңа техникалармен жабдықталған.