Статистикалық деректер бойынша, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде бала туатын жастағы 4 млн. 645 мың әйел бар. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 26 мыңға артық. Жүкті әйелдердің саны 436 мыңға жуық болды, олардың саны 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 21 мыңға артты. 


Сонымен қатар, 2020 жылы босану саны 2019 жылмен салыстырғанда 22 мыңға артты. Өткен жылы тірі туылған балалар саны 427 мыңнан астам адамды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24 мыңға көп.


«Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде біз экстракорпоралдық ұрықтандыруға квоталар санын 2020 жылғы 1 105-тен 2021 жылы 7 мыңға дейін ұлғайттық. Мұндай квоталар халыққа жыл сайын берілетін болады»,- деп сендірді министр.


Айта кету керек, еліміздің 8 қаласында қазіргі уақытта қосалқы репродуктивті технологиялар қызметін орындайтын 27 клиника жұмыс істейді, олардың 19-ы МӘМС аясында қызмет көрсетеді.