«Қазақстанның барлық азаматтары сияқты Қарулы күштер де егіледі. Бұған біздің Жоғарғы бас қолбасшымыз, қорғаныс министріміз мысал бола алады. Қазіргі кезде 39 мыңға жық адам вакцинацияланды, бұл жалпы санның шамамен 40% құрайды. 7 мамырға дейін бірінші компонентпен 100% вакцинациялауды жоспарлап отырмыз, бірақ бұл жергілікті жерлерде вакцинаның болуына байланысты», - деп атап өтті спикер.


Оның айтуынша, шалғай жатқан гарнизондарда вакцинация екі жолмен қамтамасыз етілген. Біріншіден, аумақтық органдар көмектеседі – жылжымалы егу пункттері шығады. Екіншіден, мобильді армия бригадалары өздері барады. Атап айтқанда, Отарға мобильді топтың іссапары ұйымдастырылды. Әскерилер вакцинаны Алматы мен Алматы облысынан алып барды.