Оның айтуынша, 805 рейд жүргізіп, 286 азаматты жауапкершілікке тартты.

«Елді мекендерді қорғау мақсатында, ТЖМ-нің аумақтық бөлімшелерімен олардың өрт қауіпті кезеңге дайындығын тексеру, аумақтарды құрғақ өсімдіктерден тазарту, минералдандырылған жолақтар салу, мемлекеттік өртке қарсы қызметі жоқ елді мекендерде өртке қарсы ерікті құралымдардың және өрт сөндіру бекеттерінің бар-жоғын тексеру үшін бірлескен комиссиялар құрылды. Шамамен 4 мың км минералдандырылған жолақтар құрылылып, 1 362 елді мекен құрғақ өсімдіктерден тазартылды», - деді комитет төрағасы.

Бұл ретте ол халықты табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырып, заңсыз өртеулер, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды. 


Осы бағыттағы жұмыс бүгінгі күні басым болып табылады және Үкімет пен ТЖМ-нің тұрақты бақылауында.