Жалыны тұрғын алқаптарға өтіп жатқан, елді мекен аумақтарындағы құрғақ шөп өрттері ерекше алаңдаушылық туғызады.

«2021 жылғы 26 сәуір мен 3 мамыр аралығында құрғақ шөптің жануы тұрғын үйлерге, жазғы сауықтыру лагерлерінің ғимараттарына, саяжай және шаруашылық құрылыстарына таралған 4 оқиға тіркелді. 1-2 мамырда Павлодар қаласында бау-бақша қоғамдарындағы саяжай қоғамдарының аумақтарында құрғақ шөптің жануының 2 оқиғасы орын алды. Салдарынан 5 саяжай толығымен жойылып, 7 саяжай ішінара бүлінген. 2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Желяково ауылында құрғақ шөп өртеніп, кейін жалын жеке тұрғын үй секторындағы 6 үйге таралды. Сол күні Қызылжар ауданындағы «Сосновый бор» балалар сауықтыру лагерінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, кейіннен жалын демалушылар тұратын корпусқа таралған. 2 мамырда Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданында құрғақ шөп өртеніп, жалын тұрғын үйге таралған, сондай-ақ өрт салдарынан жеңіл автокөлік жойылды», - деді спикер.