«Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі, егер қандай да бір асыра сілтеулер болса, бұл жекелеген азаматтардың шешімі болар, біз оларды құптамаймыз», - деп үзілді-кесілді жауап берді спикер.

 

Сондай-ақ, ол азаматтардың вакцинацияға келуі еліміз үшін табиғи құбылыс екенін жеткізді. 


«Бастапқы кезеңде азаматтар вакцинациядан тек Қазақстанда ғана қауіптенген жоқ. Жалпы, вакцинаның қаншалықты қауіпсіз екенін білмеген кезде мұндай үрдіс бүкіл әлемде орын алды. Вакциналар бар болса да, азаматтар сақтықпен қарады. Бірте-бірте, ақпарат көбейген соң, оның ішінде басқа елдерде адамдардың басым бөлігі егілгені мәлім болды, содан кейін Қазақстанда өз желілерді кеңейттік, сауда орталықтарында қосымша мобильді бригадалар ашылды, олар ұжымдарға шыға бастады, шалғайдағы ауылдық пункттерде 1400-ге дейін жылжымалы кешендер іске қосылды, вакцинаны еліміздің түікпір-түкпіріне тасымалдауға мүмкіндік беретін арнайы автомобильдік тоңазытқыш контейнерлер әкелініп, сатып алынды. Осылайша, азаматтар өз туыстары мен жақындарының вакцина алғанын және күтілгендей асқыну әсері болмағанын көріп, отбасыларымен келе бастады. Сәуір айында адамдардың көп келетінін білдік. Біздің азаматтарымыз сеніп, екпе сала бастады», - деді министр.