Қазақстанның ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспарын қалыптастыруды автоматтандырудың артықшылығы ретінде Жанат Жахметова транспаренттілікті атап өтті.


«Яғни, біз өтінімдерді жинаудан бастап, жоспардың өзін жасау, формуланы есептеу, қалай бөлінетініне және т.б. дейінгі әр процедураны автоматтандырдық, бірақ ең бастысы – ашықтық және «цифрлық із» қалдыру. Мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі – бұл бірнеше жылдан бері әзірленіп келе жатқан жүйе. Өткен жылы бұл жүйе пилоттық режимде іске қосылды. Айта кетейік, біз орталықтандырылған платформа құрамыз, онда ақпарат жинау тек операторлармен немесе басқа біреулермен ғана қамтамасыз етілмейді, нақты осы ақпарат есептеу құралдары арқылы жиналады. Есептеу аспаптары мұнай-газ саласы объектілерінде жарақтандырылады, деректер нақты уақыт режимінде және автоматты түрде берілетін болады. Яғни, операторларға, қызметкерлерге түнгі сағат 4-те немесе тоқсан сайын жыл сайын деректерді жіберудің қажеті болмайды. Біз оларды автоматты түрде аламыз», - деп түсіндірді спикер.


Қазіргі кезде жоба пилоттық режимде жұмыс істеп тұр, содан кейін оны өнеркәсіптік пайдалануға қосу жоспарланған. Негізгі міндет – мұнай-газ саласының барлық субъектілерін осы жүйеге қосу, сондай-ақ мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу бойынша нақты уақыт режимінде барлық ақпаратты қамту. 


Кодекске сәйкес осы салада жұмыс істейтін барлық субъектілер өз есебінен есепке алу аспаптарымен жарақтандырылуы тиіс. 103 өндіруші компаниядан 3 ірі компания қосылды. Қалғанына 2 жыл уақыт беріледі. Тасымалдаушы компаниялар мен қайта өңдеу зауыттарында құрылғылар бар.