«Сақтандырылмағандардың ішінде 2 млн адам тұрақсыз төлеушілер болып табылады. Яғни олар үшін қандай да бір аударымдар және (немесе) жарналар алынды, бірақ олар тұрақты емес, соның салдарынан берешек пайда болады және медициналық сақтандыруда сақтандырылу мәртебесі жоқ. Төлемдердің жүйелілігін сақтау маңызды. Тағы 922 мың адам МӘМС үшін бірде-бір рет жарна төлемеген. Олардың саны азайып келеді: жыл басында олар бір жарым есе көп болды – 1 428 мың адам, - деді Б.Төкежанов. 


Қор басшысы ШОБ қызметкерлерінің тізімін өзектендіру мәселелері қалып отырғанын атап өтті. Өткен жылы пандемия кезінде қолдау көрсету үшін Үкіметтің шешімі бойынша шағын және орта бизнес субъектілері міндетті төлемдерді, оның ішінде МӘМС төлеуден босатылған болатын. МӘМС жүйесінде өз қызметкерлерін сәйкестендіру үшін ШОБ ұйымдары сақтандыру мәртебесін қамтамасыз ету үшін оларды дерекқорға енгізу қажет болды. 


«Қазіргі уақытта жарналарды төлеуден босатылған жұмыс берушілердің шамамен 20%-ы (61 233 ШОБ) өз қызметкерлерінің тізімін өзектендірген жоқ. Осыған байланысты аталған қызметкерлерде сақтандырылу мәртебесі жоқ және медициналық көмек алуда шектеулі.  Жұмыс берушілерді өз қызметкерлері үшін жауапкершілік танытуға және Қордың ақпараттық жүйесіне олардың деректерін енгізуге шақырғым келеді. Қор өз тарапынан шағын және орта бизнес өкілдерімен өңірлер әкімдіктері мен салық органдары арқылы нақты жұмысты жалғастырады», - деп атап өтті Болат Төкежанов. 


Сондай-ақ, спикер МӘМС жарналары мен аударымдары түрінде 1 тоқсанда 183 млрд теңге түскенін хабарлады. Түсімдердің ең көп сомасын мемлекеттің жеңілдік берушілер үшін жарналары – 95,4 млрд теңге немесе барлық түсімдердің 52% құрады. Осылайша, мемлекет бұрынғысынша халық алдындағы өзінің әлеуметтік міндеттемелерін сақтайды. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілердің аударымдары жалпы сомада 44,4 млрд теңге (24%), қызметкерлердің жарналары – 35,2 млрд теңге (19%) құрады.  Жеке кәсіпкерлер, БЖТ төлеушілер, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін дербес төлеушілер жарналарының үлесі 5% құрады.


Қор басшысы МӘМС жүйесіне төленетін төлемдердің ең аз сомасы 12 айда 25 500 теңгені (айына 2125 теңге) құрайтынын еске салып өтті, бұл сақтандырылған адамға құны бірнеше миллион теңге тұратын қымбат тексерулер, операциялар, ЭКҰ қоса алғанда, ТМККК және МӘМС екі пакетіндегі медициналық көмектің ауқымды тізбесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.