«Қазақстандықтар үшін медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен инфекцияның таралуының алдын алу үшін өте маңызды болып табылатын ПТР-зерттеулерге қолжетімділік қаншалықты артқанын атап өткім келеді. Егер өткен жылы шамамен 1,9 млн ПТР-тест жүргізілсе, биылғы жылдың алғашқы үш айында КВИ вирусын анықтауға 1,3 млн зерттеу қаржыландырылды. Мобильді бригадалардың шығуларына келетін болсақ, біз де айтарлықтай өсу динамикасын көріп отырмыз. Өткен жылы Қор 550 мың мобильді бригаданың шығуын қаржыландырды, биыл тек бірінші тоқсанда коронавирус белгілері бар пациенттерге жарты миллионнан астам шығу жүзеге асырылды», - деді Б.Төкежанов өз сөзінде. 


1 тоқсанның қорытындыларына тоқталған Қор басшысы ковидтік бюджеттің негізгі сомасы коронавируспен күресте жұмыс істейтін медицина қызметкерлерінің жалақысына үстемақы төлеуге қарастырылғанына назар аударды. 


Болат Төкежановтың мәліметінше, қаңтарда 50,5 мың медицина қызметкері 13,9 млрд теңге сомасында үстемеақы, ақпанда 51,7 мың медицина қызметкері 13,8 млрд.теңге сомасында үстемеақы алды. Наурыз айында төлемдер сомасы 53,2 мың қызметкерге 14,7 млрд теңгені құрайды. Осы үстемеақылардың арқасында инфекциялық стационарлардағы кейбір санаттағы дәрігерлердің жалақысы 1 млн теңгеге жетті.