2021 жылғы 12 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы осы жобаға қосылды. Шығарып салатын және қарсы алатын жолаушылар әуежай ғимаратына қосымшаның көмегімен өтеді. Бұл жұмыстың алғашқы нәтижелерімен ЦДИАӨМ вице-министрі Әсет Тұрысов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте таныстырып өтті.


«Ashyq» әуежайда аз уақыттың ішінде өзінің тиімділігін көрсетті. Мәртебесі қызыл – 8, мәртебесі сары 9 жолаушы анықталды. Бұл індет жұқтырғанын, ауырып жүргенін біле тұра, адамдардың көбі әуежайға келіп, Қазақстан бойынша жүруге тырысатынын көрсетеді», - деді спикер.


Сонымен қатар, 21 мамырдан бастап «Ashyq» Алматы қаласының әуежайында енгізіледі, - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.