Оның айтуынша, ЕАЭО-да өзара сауда көлемін ұлғайтуға кедендік декларациялауды, сәйкестік сертификаттарын, ветеринариялық және санитариялық құжаттарды өзара тануды алып тастау есебінен экспорт кезінде құжаттық жүктемені төмендету сияқты бизнес үшін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Жалпы экспорттық тауарлардың ассортименті өзгерді және кеңейді.

«Егер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары экспортта дәстүр бойынша шикізат тауарлары басым болса, қазіргі кезде біздің экспорттың 58%-ын өңделген өнім құрайды. 2015-2020 жылдары ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуі 35%-ды, 2,8-ден 3,7 млрд долларды құрады. Ресейлік сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу 2,3 млрд доллардан асты», - деп хабарлады вице-министр.

Сауда министрлігінің деректері бойынша азық-түлік өнеркәсібінің өнімдерін жыл сайын Ресей нарығына жеткізуді арттыру әлеуеті 100 млрд.теңгеден асады. Жалпы, қазақстандық экспорттың шамамен 10%-ы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберіледі.