Бұған дейін Беларусь тарапы өз аумағы бойынша транзиттік тасымалдарға квоталаған болатын. Мысалы, егер Беларусь тарапы өз аумағы арқылы транзиттік өтуге Қазақстан тарапы үшін 12 000 рұқсат берсе, оның орнына басқа үшінші елдерден Қазақстанға жүктерді тасымалдау мүмкіндігін алды.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Динара Щеглованың айтуынша, Ресеймен және Беларусьпен әріптестікте Бірлескен көліктік-логистикалық компания құрылды, соның арқасында Қытайдан Еуропаға контейнерлерді жеткізу уақыты 12-15 күнді құрайды, ал контейнерлік тасымалдар көлемі соңғы 5 жылда 15 есе өсті.


Бұдан басқа, ЕАЭО цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесі іске асырылуда.


«Жобаны енгізу көліктік-логистикалық операцияларды қағазсыз сүйемелдеуді және мәліметтер алмасуға толық көшуді қамтамасыз етеді. Цифрлық көлік дәліздерінің экожүйелері басым сервистерінің тізбесіне жол бойындағы сервисті брондау, электрондық тауар-көлік жүкқұжаттары, жол парақтары, жолдардың цифрлық дерекқоры, өткізу пункттерінде кезекті брондау сервисі және т.б. сияқты сервистер кірді», - деп хабарлады ведомство өкілі.


Бұл тізім әлі де жаңартылады.