«Бұл іс-шаралардың барлығы, бірінші кезекте, кедергілерді жоюға, еркін нарықты қалыптастыру жолындағы артық бюрократиялық, әкімшілік кедергілерден босатуға бағытталған. Бұл тек тауарларға ғана емес, сонымен қатар жұмыс күшінің қозғалысына да қатысты болады. Дәл бүгін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі барысында ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап «Шекарасыз жұмыс» сияқты ақпараттық ресурс жұмыс істейтіндігі туралы шешімге қол қойылатын болады. Бұл еңбек биржасы, бірақ шекарасыз. Енді біз жұмыскерлерді Еуразиялық экономикалық одақ аясында азаматтығына қарамастан іздей аламыз»,- деді сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.