Оның айтуынша, жүйеде 220-дан астам жеткізуші тіркелген.


«Бүгінгі таңда ақпараттық жүйеде оператор мен жеткізушінің автоматты жұмыс орны (АЖО) сияқты негізгі функционалдар іске асырылған, сонымен қатар ата-ананың AЖО және жаттықтырушының АЖО функционалдарын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік тапсырысты іске асыруға секциялар мен үйірмелерді жан басына қаржыландыруды жүзеге асыратын барлық өңірлер қатысады. Қаржыландыруға қатысты айта кетейін, республикалық бюджеттік комиссия мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға жергілікті бюджеттен қаражат бөлуді мақұлдады. Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдар жан басына қаржыландыруды жүзеге асыруға 40 539 бала мен жасөспірім қамтыған спорт желісі бойынша 5,041 млрд теңге; мәдениет желісі бойынша 24 521 баланы қамтуға 2,5 млрд теңге қарастырылған», – деп хабарлады спикер.


Сондай–ақ, қазіргі уақытта спорт секцияларымен балалар мен жасөспірімдердің 37,5%-ы қамтылғанын атап өтті, бұл – 1,5 млн адам. Олардың 370 мыңы БЖСМ, 190 мыңға жуығы балалар-жасөспірімдер клубтарында және балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында, 965 мыңы жалпы білім беру мекемелері жанындағы секцияларда дайындалады.
4 жастан 18 жасқа дейінгі 1,3 млн бала шығармашылықпен айналысады.