«37% деген не? Демек, 1,5 млн бала спорттық және шығармашылық секциялармен, үйірмелермен қамтылған. 2,5 миллионнан астам баланың мұндай мүмкіндігі жоқ, немесе ата-аналар үйірмелер мен спорт секцияларына баруға көп ақша жұмсайды. Бүгінде мемлекет жергілікті атқарушы органдар арқылы балалардың үйірмелер мен спорт секцияларына баруын қаржыландырады. Мен барлық ата-аналарды осы мүмкіндікті белсенді пайдалануға, порталға және мемлекет есебінен тіркелуге, кәсіби спорттан алып, балалар мен жасөспірімдер спортына бағыттайтын қаражат есебінен, өз балаларын спортқа, мәдениетке, шығармашылыққа баулуға шақырамын... бұл бірегей мүмкіндік. Оны белсенді пайдалануға шақырамын», - деді вице-министр.


Ақпараттық жүйеге artsport.edu.kz сілтемесі бойынша кіругеге болады. Сондай-ақ онда өңірлер бойынша үйірмелер мен секциялардың өзекті тізімі ұсынылған.