«Статистика жөніндегі уәкілетті органның деректері бойынша, 2020 жылы зерттелген кәсіпорындарда 1,6 млн жұмыскердің 367 мыңы немесе әрбір төртіншісі зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 370 адамды құраған. Өңірлер бойынша зиянды және қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің көп саны Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында байқалады. Жоғары шу мен дірілдің жоғары деңгейі жағдайында әрбір екінші, жұмыс аймағының жоғары газдануы мен шаңдануы әсері жағдайында әрбір үшінші жұмыскер жұмыс істеді. Ауыр дене еңбегімен 94 мың адам айналысқан», - деді Т.Оспанқұлов.


Жұмыскерлердің қолайсыз еңбек жағдайлары экономикалық шығындарға алып келеді. ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, өткен жылы 672 мың қазақстандық зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін 141 млрд. теңге сомасына түрлі өтемақылар алды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға артық.