«Алты жылда «Мерейлі отбасы» конкурсына 15 197 отбасы қатысқан. Оның 62 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, бұл конкурс ауқымының кең екенін көрсетеді. Қатысушылардың 36,3% көпбалалы отбасылар, 18% жас отбасылар, 17% еңбек династиияларының өкілдері болып табылады. Биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл. Осыған орай, елімізбен бірге өсіп келе жатқан отбасы құрып, балалы болған «тәуелсіздік құрдастарын» да байқауға қатысуға шақырамыз. Олар жас отбасы, үлгілі отбасы болу үлгісін қоғамға көрсете алады», деді Ляззат Сүлеймен. 


Мемлекет басшысы өз Жоладуларында отбасы және бала институтын қолдау және инклюзивті қоғам құру мәселелеріне баса көңіл бөліп, қолдау көрсетуде. Қазіргі уақытта Қазақстанда 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы ауқымды іске асырылуда.


«Қазақстан отбасы саясатын табанды жүргізіп келе жатқан мемлекет болып табылады. Отбасының әл-ауқатын жақсартуға, ана мен баланың құқығын қорғауға, демографиялық өсуді ынталандыруға және көп балалы отбасыларды қолдау мәселелері әрдайым назарда. Бұған дәлел ретінде Ұлттық бюджеттің 48% әлеуметтік салаға бөлінетінін айта кетуге болады, - деді спикер.