«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 1992 жылдан бастап жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызмет, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін 10 номинация бойынша беріледі. «Дарын» сыйлығына халықаралық және республикалық байқаулардың, фестивальдар мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады», - деді Ш.Байманов.


Айта кетейік, еліміздің асқақ туын әлемге желбіретіп танытқан спортшыларымыз Серік Сәпиев, Ольга Шишигина, Данияр Елеусінов, Юлия Галышева,  өнер саласында өзіндік орны бар Димаш Құдайберген, «Муз АРТ», «Жігіттер», «Ұлытау» топтары, классикалық музыкадан Мария Мудряк, Жібек Мусургалиева, халық шығармашылығындағы тұлғалар Күнсұлу Түрікпен, Мұқият Асқар, белгілі актерлеріміз Әділ Ахметов, Асылхан Төлепов  және т.б. өнерлі жастар әр жылдары «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегерлері атанды. 


Сонымен қатар қазақстандық ғылым саласында өзіндік үлесі бар талантты ғалымдарымыздың бірі ядролық физика саласы бойынша өнертапқыштар Максим Здоровец, Ерасыл Ерланұлы, созылмалы ауруларды емдеуде Нурлан Қанат, Әсем Әшімованы атасақ, мүсіндеу саласында халықаралық байқауларының жеңімпазы Сырым Мүсіреп, зергерші Ардақ Әбішев, шетелде қазақ халқының киіз үйін және ұлттық киімдерін насихаттауда дизайнерлер Айжан Жүзбай мен Ақбота Тоқтасынова сынды азаматтарымыз иеленді.


Бұдан басқа бұл күндері өз саласында халықаралық және республикалық ареналарда өз өнерін көрсетіп, еліміздің дамуына үлесін қосып жүрген лауреаттарымыз жетерлік.