Министр қондырғылардың нақты санын атаған жоқ, бірақ жауабында жүйенің жақын арада іске қосылатынын жеткізді.

 
«Қырғызстан ТЖМ әріптестерімізбен ынтымақтастық мәселелерін белсенді түрде пысықтап жатырмыз және жақында ғана біздің қызметкерлеріміздің жұмыс сапары аяқталды, онда Алматы маңында орналасқан және әзірге пилоттық режимде жұмыс істейтін сейсмодатчиктер желісін біріктіреміз деп келістік. Қала әкімдігі бұл жүйенің Қырғызстанмен байланыста жұмыс істеуіне мүдделі, өйткені жиі болатын жер сілкіністері Қырғызстан аумағында эпицентрден басталады. Менің ойымша, оны «Darmen» платформасындағы операциялық бөлік ретінде пысықтау және одан әрі шығару үшін шамамен 2 ай қажет болады. Біз 6 балдан жоғары жер сілкінісі кезінде «Darmen» жүйесі халыққа ақпарат беретіндей етіп реттейміз. Эпицентрге байланысты халықтың жер сілкінісі болған жағдайда шешім қабылдауға және белгілі бір іс-қимыл жасауға белгілі бір уақыты болады», - деп сендірді ведомство басшысы.