18 мамырдағы жағдай бойынша облыста коронавирустық инфекцияның зертханалық расталған 28 222 жағдайы тіркелген. Қазіргі уақытта 4899 инфекциялық төсек орын пайдаланылуда. Олардың толымдылығы 36%-дан аспайды. Өңір басшысының айтуынша, облыстың стационарлары мен емханаларында дәрілік заттар мен жеке қорғану құралдарының үш айлық көлемі қамтамасыз етілген. 5 897 медицина қызметкері жұмылдырылған. 


«Барлық қажетті медициналық жабдықтар, оның ішінде 26 компьютерлік томограф бар. Халықты белсенді вакцинациялау жалғасуда, 84 472 толық вакцина алды, бірінші компонентпен 150 525 қамтылды. Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің және қала құраушы кәсіпорындардың қызметкерлері екпе алды, бұл негізгі құрылымдарға штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қабылданып жатқан шаралар таяу уақытта жағдайды тұрақтандырады деп санаймыз», - деді өңір басшысы.
Ресми деректер бойынша, өңірдің барлық қалалары мен аудандарында мамандандырылған тоңазытқыш жабдықтарымен жабдықталған 115 иммундау кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, 8 ірі сауда орталығында егу кабинеттері ашылды. Сонымен қатар, қызметкерлерді иммундау үшін өндірістік кәсіпорындарға егу бригадалары барады.


Жалпы, облыста медицинаны дамытуға көп көңіл бөлінуде. Биыл бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. 


«Екі жаңа қосалқы жедел жәрдем станциясы жұмысқа кіріседі. Маусым айында операциялық-реанимациялық блоктың және облыстық онкологиялық диспансердің жанынан Ядролық медицина орталығын ашу үшін ғимараттың құрылысы басталады. Сондай-ақ, облыстық балалар клиникалық ауруханасының құрылысын аяқтау жоспарланған. Ауылдық жерлерде 32 фельдшерлік акушерлік бекеттердің құрылысын жүргізу бойынша жобаны жүзеге асыру басталды. Олар үш жыл ішінде салынады», - деді Ж.Қасымбек.