Оның айтуынша, ауыл шаруашылығының тұрақты өсімі 4,5% деңгейінде байқалады. Бұл қазіргі уақытта республикадағы екінші көрсеткіш.

«Ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар 57%-ға өсті. Биыл 29,1 млрд теңге тарту жоспарланып отыр, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,3%-ға артық. Көктемгі дала жұмыстары басталды. Тұқыммен, ЖЖМ және техникамен қамтамасыз етілген. Жұмысты 29 мамырға дейін аяқтау көзделген. Биыл 16,1 млрд теңге көлемінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін мемлекеттік қолдау және 19,7 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие беру қарастырылған», - деді әкім.


Ресми деректер бойынша, биыл облыста астық алқаптары 40 мың га ұлғайды, жаздық егіс 1057,7 мың га құрайды, картоп 11 мың га алаңға, көкөністер 1,8 мың га алаңға отырғызылады.


Аймақ басшысы диқандар ағымдағы маусымға толық дайын екенін айтты.