ҚР ДСМ электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің директоры Бейбіт Есенбаевтың айтуынша, өткен демалыс күндері еліміздің екі әуежайында ПТР нәтижесі оң (қызыл) 14 адам және науқаспен байланыста болған (сары) 32 адам анықталды. Жоба іске қосылған сәттен бастап (12 сәуір) 2 631 «қызыл» келуші және 2 074 байланыста болған тұлға тіркелді.
«Бір науқас 4-6 адамға ауру жұқтыруы мүмкін. Осылайша, «Ashyq» жобасын енгізу 10 мыңға дейін адамды індетті жұқтыру ықтималдылығынан қорғауға мүмкіндік берді. Қосымшада «Ashyq» жобасына қатысатын объектілердің қызметін шектеудің нақты критерийлері көрсетілгенін атап өткім келеді. Қызыл, сары және жасыл аймақтар», - деді ведомство өкілі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ, ол 1 шілдеге дейін «Ashyq» мобильді қосымшасын «Вакцинация» модулімен біріктіру жоспарланғанын жеткізді. КВИ қарсы вакцинаның екі компонентін салдырған азаматтар кедергісіз өтеді.