Оның айтуынша, жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салу және аймақты дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша Үкімет қабылдаған шаралардың арқасында жағдай бақылануда.


«Облыс екі ай бойы «қызыл аймақта» болғанын ескере отырып, аудан тұрғындарының облыс орталығына келуін азайту үшін 1 мамырдан бастап 14 күн ішінде Орал қаласы мен 6 ауданның периметрі бойынша блокбекеттер орнатылды. Бұл шаралар облыс орталығына тұрғындар ағынын азайтуға және бұқаралық іс-шаралардың өткізілуіне жол бермеуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде сырқаттанушылық сәуір айында тәулігіне 200-250-ден мамырда 90-100-ға дейін төмендеді», - деп атап өтті өңір басшысы.


Сонымен қатар, мониторингтік топтар 1 мамырдан бастап 179 рейд өткізді, 965 нысан тексерілді.