«Облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 1-6 жастағы балалар 76,3% қамтамасыз етілген. Колледждерді сенімгерлік басқаруға беруді бастадық. Сервис және жаңа технологиялар колледжі кейіннен сатып алу құқығынсыз 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілді.  Нәтижесінде 10 жыл ішінде жөңделуіне жұмсалатын 52 млн теңге бюджет қаражаты үнемделіп, мемлекеттік бюджеттің шығындары азайтылды. Сондай-ақ, колледждің материалдық техникалық базасы еңбек нарығының сұранысына сай жаңартылатын болады», - деді облыс әкімі.


Өңірде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты мақсаттардың бірі. Қазіргі кезде облыстың 385 мектебінде 11 587 дана бейнекамера орнатылған. Бірқатар мектептер арнайы қауіпсіздік компаниялармен келісімшарт жасасқан.