«Сайтымызда, барлық әлеуметтік желілерде әкімнің жұмысы бойынша ақпарат тұрақты түрде беріліп тұрады. Өзім БАҚ өкілдерімен жеке-жеке жиі кездеспесем де, олар іс-сапарларымызға, жиналыстарымызға қатысады, шақырылады. Ешқандай жасырын ақпарат, жасырын жобаларымыз жоқ. Ашықтықты көрсету үшін мен жұмысқа кіріскенде бірден өзімнің Whats App номерімді  жарияладым. Барлық БАҚ өкілдері оны біледі, сұрақ туындап жатса, тікелей жазады. Міндетті түрде 2-3 күнде бір рет хабарламалар жауап беремін. БАҚ өкілдері жеке мәселемен болсын, ақпараттың сапасына, оның дер кезінде берілуіне қатысты мәселе болса да, бірден маған шыға алады», - деді Ғ.Есқалиев. 


БҚО басшысы Facebook әлеуметтік желісінде де тіркелген. Бірақ ақпараттың басым бөлігі облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.