Оның айтуынша, бұл орасан зор қоғамдық әлеует, зияткерлік күш пен энергетиканы қарапайым азаматтардың пайдасына, ал сайып келгенде, әлеуметтік прогрестің игілігіне айналдыруға болады және айналдыру керек.


«Мемлекет жыл сайын ҮЕҰ-мен серіктестікті арттырып келеді. Бұл ретте мұның бәрі жергілікті ортада қабылданғандай, гранттар мен әлеуметтік тапсырыстар түрінде қаржылық қолдауға ғана байланысты емес. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру көлемі соңғы 5 жылда 2 есеге, гранттар 3 есеге артты. Осының арқасында жыл сайын орта есеппен 2 мыңға жуық әлеуметтік маңызы бар жоба жүзеге асырылады», - деді министр.