«Тағы да айтарым, бәрі контентке байланысты. Әрине, қоғамның проблемалық мәселелерін көтеру өте маңызды, бүгінгі таңда оқырмандар үшін өте қызықты болатын үлкен аналитикалық материалдарды дайындау маңызды. Кеше ғана «Казахстанская правда» газетіндегі проблемалық мәселелерді көтерген материалға ел Президенті назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Сондықтан, әрине, газеттердің контенті проблемалық мәселелерді шешуге ықпал етуі тиіс, меніңше, осы бағытта жұмыс істеу керек. Әр адам өзіне қолайлы форматты таңдайды. Мысалы, мен газеттеріміздің интернет-беттеріндегі жаңалықтарын оқимын, ал үлкен аналитикалық материалдарды, әрине, баспа нұсқасында қараған ыңғайлы. Мұның бәрі нақты адамға байланысты», - деді Аида Балаева өз пікірімен бөлісе отырып.