Өңір басшысының айтуынша, әзірге көгілдір отын жеткізілмеген аудандарды газдандыру үшін «Талдықорған - Үшарал», «Шелек-Кеген» магистралды газ құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы аяқталады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталады.  


Сапалы ауыз сумен қамту және жол жөндеу жұмыстары жаслғасуда. 

«Орталықтандырылған ауыз сумен қамту деңгейі республика бойынша алдыңғы қатарда екенін тілге тиек етті, яғни 98,3%, бұл 678 елді мекен қамтылды деген сөз. Биылғы жылы 7 ауылға су құбырын жүргізу есебінен бұл көрсеткіш 99,5% жеткізіледі, сол сияқты 11 ауылда ауыз су сапасы жақсартылады. Жылдан жылға жол сапасы да жақсарып келеді, қазіргі кезде жақсы және қанағаттарлық жағдайдағы жергілікті маңыздағы жолдардың үлесі - 84%. Биылғы жылы 385 елді мекенде облыстық маңыздағы және ауылішілік 332 км жол жөнделеді, оған 33 млрд. теңге бөлінді», - деді Алматы облысының әкімі.