Оның айтуынша, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту деңгейі 98% жетті. Тағы 166 балабақша ашып, қамту деңгейі 2022 жылға қарай 100%-ға жеткізілмек. 


«Білім беру саласында педагогтарға, оқушылар мен студенттерге қашықтан оқу мен жұмыс істеу технологияларын меңгеруге тура келді. Облыс бойынша 81 мың компьютер сатып алуға, 12,3 млрд. теңге бөлінді, 24 мың мектеп компьютері мұқтаждарға уақытша пайдалануға берілді. Демеушілер қаржысы есебінен қосымша 2110 бірлік оргтехника берілді», - деді спикер.