«Талдықорғанға бірінші рет 2001 жылы келдім. Сол кездегі қала әлі көз алдымда. Қазір адамдардың көбі қаланы танымай қалады. Елбасының және Президенттің қоладуымен бірталай жақсы істер атқарылуда. Жетісу орталығы дамып келеді. Қаншама қаржы бөлінді. Салыстырып айтсақ, сол кезде 97-98 мың адам болса, бүгінде халықтың саны 200 мыңға жетеді. Тұралап қалған өндірістер, соның ішінде акумулятор зауыты, кабель зауыты қалпына келтіріліп, іске қосылды. Шағын және орта бизнес шығарған өнімдер бағасы сол кезде 2,5 млрд құраса, қазіргі кезде 280 млрд теңге. Көшелер абаттандырылды. Жаңа үйлер, шағын аудандар пайда болды, театр ашылды, Салтанат сарайы, Тіл сарайы, спорт сарайлары, мектептер салынуда», - деді А.Баталов. 


Облыс басшысының айтуынша,  қаладағы көпбейінді аурухана заманға сай 5 ауруханалар қатарына кіреді.