«Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу деңгейі оң динамиканы көрсетуде. 2021 жылдың 5 айында республика бойынша 140 млрд теңгеге жуық сомаға 8700 бірлік техника сатып алынды. Жыл соңына дейін бұл соманы 240 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын орындауға ықпал етеді. Нәтижелерді қазірдің өзінде көріп отырмыз. Өткен жылмен салыстырғанда неге 1,5 млн га алда келе жатырмыз? Бұл техниканы жаңартудың арқасы. Бастапқы жарна мәселесі шешілді, инвестициялық субсидия енді аванс ретінде пайдаланылуы мүмкін», - деді бірінші вице-министр.


Сонымен қатар, ол биыл отандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үлесі едәуір өскенін хабарлады. 

«Қиыр шетел техникаларымен салыстырғанда, отандық ауыл шаруашылығы техникасының бағасының төмен екендігін ескере отырып, кейбір түрлері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тарапынан сұраныс көп байқалады. Бірақ бұл мәселе шешіледі. Зауыттарда құрастырып та үлгермей жатыр», - деді Сапаров.