Біріншіден, оңтүстік өңір бойынша суды көп қажет ететін дақылдарды, атап айтқанда күріш пен мақтаны қысқарту, ылғал аз тұтынылатын және тиімділігі жоғары дақылдарға – жемдік, майлы, көкөніс-бақша дақылдарына көшу көзделіп отыр. Фермер шығындалмайды.


«Екінші бағыт - ылғал үнемдеу технологияларын енгізу, яғни тамшылатып суару, жаңбырлату жүйелері. Қазір осы бағытта белсенді жұмыстар жүргізілуде. Тамшылатып суару машиналары мен жүйелерін сатып алу, сондай-ақ қажетті инфрақұрылымды, электр энергиясын, сорғы станциясын, су жинақтауға арналған сыйымдылықтарды жеткізу - 50% -ға субсидияланады, яғни, Үкімет фермерлер үшін мұндай технологияларға көшу үшін барлық жағдайды жасады. Сонымен қатар, шаруаларды сапалы жүйелермен қамтамасыз ету мақсатында Almond Industry америкалық компаниясымен арнайы келісімге қол қойылды, ол Қазақстанда осындай суару жүйелерін шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.

Тиісінше, шаруалар қаржылық жағынан қамтамасыз етіледі, сондай-ақ бұл машиналар үшінші елдерден әкелмей-ақ қолжетімді болады», - деп сендірді тиісті министрліктің өкілі.