«Инвесторларға қолайлылықты арттыру мақсатында инвестициялық келісімшарттар жасау бойынша мемлекеттік қызметтер автоматтандырылды. Пандемиялық жыл болғанына қарамастан, СІМ келісімшарттардың саны мен сомасын сақтап қана қоймай, соңғы 10 жылда рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 635 млрд теңгеге инвестициялық келісімшарттар жасай алды...», - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР СІМ Инвестициялар комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ардақ Зебешев.


Оның айтуынша, бұл шаралардың барлығы 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемін ЖІӨ-нің 30% - ына дейін, ал тікелей шетелдік инвестициялар көлемін 30 млрд долларға дейін жеткізуге мүмкіндік беруі тиіс. Бұл жоспарлар 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына және «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының шараларын іске асыру жөніндегі Жол картасына сәйкес көрсетілген.