Биыл 1-10 сынып оқушыларының континтенгі 3 317 000 баланы құрайды. 

«Жергілікті атқарушы органдар деректері бойынша, 13 мың сауықтыру лагері мен алаңдары дайын, 235 қала сыртындағы лагерь жыл бойы маусымдық шаралар өткізе алады. Қолайлы санитарлық эпидемиологиялық жағдайларда 2 млн астам баланы немесе 1-10 сынып оқушыларының 87,5%, оның ішінде 500 мыңнан астам әлеуметтік осал санаттағы балаларды сауықтыру мен қамту жоспарланған. Республиканың өңірлерінде 2 мыңға жуық психологиялық қызмет жұмыс істейді. Оларға 11 мыңнан астам маман тартылған», - деді Есенғазы Иманғалиев.


БҒМ кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың рөлін өңірлік деңгейде нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда. 

«Каникул кезінде балалардың жұмыспен қамтылуы мен демалысын ұйымдастыру мәселелерін жедел қарау мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды. Олардың қатарында облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен білім басқармаларының басшылары мен орынбасарлары ортақ мемлекеттік органдар өкілдері бар. 1 маусымда өңірлерде «Қауіпсіз аттракцион» республикалық акциясы басталады. Ойын және балалар алаңдары бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды. «Балаға лайық» жобасы аясында балалар үшін ең қолайлы нысандар анықталды. Балалық шақ жарқын естеліктерге толы болуы үшін біз – ересектер балаларға өте мұқият болуымыз керек және барлық қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауымыз керек. Балалардың қауіпсіздігі біздің ортақ міндетіміз», - деді ведомство өкілі.