«Ең алдымен ересектер балаларға үйдегі сіріңкелердің ойыншық еместігін түсіндіруі керек, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын жерлерде, ойын-сауық орталықтарында, сауда орындарында тиісті жұмыстар атқарылуда. Мамырдан тамызға дейін «Қауіпсіз балалық шақ», «Отсыз демалыс», «Менің қауіпсіз демалысым», «Оттан сақ бол!» деген сияқты акциялар өткізіледі. Шілде мен тамыз айларында «Сіріңке бір өмірдің бағасы» шарасы ұйымдастырылады. Табиғи өрт, темекіден болатын өрт бойынша түрлі акциялар өтеді», - деді Б.Сыздықов. 


Оның айтуынша, жыл басынан бері өрт салдарынан 17 бала көз жұмған, 27 бала терезеден құлаған. Бұл ретте ТЖМ өкілі ата-аналарды қауіпсіздік шараларына баса назар аударуға шақырды.