Оның айтуынша, 2021 жылдың 4 айында 285 млрд теңгенің 9 жобасы жүзеге асырылды. Оларды іске қосу есебінен 1,5 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылды. 


«Осы жобалардың есебінен тоқыма және медициналық бұйымдар, IT өнімдері және т.б. өндірісі жолға қойылды. Қазіргі уақытта біз Мемлекет басшысының тапсырмасымен АЭА тиімділігін арттыру тәсілдерін әзірлеп жатырмыз. Отандық тауар өндірушілерді қолдауға баса назар аударылады. Жергілікті қамтуды одан әрі дамыту жолдары жетілдірілуде. Ол үшін тиісті заңнамалық түзетулер әзірленуде», - деп атап өтті спикер.


Жер қойнауын пайдаланушылармен сатып алуда жергілікті қамту үлесінің ең төмен деңгейінің талаптарын сақтау бойынша ерікті келісімдер жасалады.