Бейбіт Атамқұлов бұл тиімді әлемдік тәжірибені тоқтатуға болмайтынын жеткізді. Ең қарапайым есептеулер бойынша, жыл сайын республикалық жолдардың 25 мың шақырымына мемлекет 40-42 млрд теңге бөлуге тиіс.


Өткен жылы Нұр-Сұлтан – Щучинск, Нұр-Сұлтан - Теміртау, Алматы – Қорғас, Алматы – Қапшағай жолдарының ақылы учаскелерінде 5,7 млрд теңге түсім түссе, 5,4 млрд теңге жолдарды күтіп-ұстауға жұмсалды, қалғаны бюджетке аударылды.


«Болашақта ақылы жүйені біртіндеп енгізуді жоспарлап отырмыз, бірінші кезекте бірінші санаттағы ақаусыз учаскелер анықталды. «ҚазАвтоЖол» ақаулар актісін жасайды, бүгінгі таңда 5 800 км жолға автоматтандырылған жүйе орнатылды, ол жүйелі түрде енгізіледі. Атап өтерлік жайт, бұл процесс біртіндеп жүзеге асырылады, оны тоқтатпаймыз. Жүргізушілердің айтқан тарифтері және олар алған ақпарат – инсайдерлік болар, бұл көрсеткіштерді осы жолдардың рентабельділігін, өзін-өзі ақтауын есептеумен айналысқан Қазақ жол зерттеу институты қарастырған. иә, 37 деген сан болды ... Әлемдік аналогтар, көрші елдердің есептеулері ескерілді, мысалы, Ресейде «Платон» арқылы төлем жасауға болатын жолдар бар, федералды жолдар бар  -олар жол төсемін іс жүзінде істен шығаратын ауыр жүк көліктері үшін әртүрлі тарифтер қарастырған. Бірақ министрлік ұсынылған деректерді немесе есептік көрсеткіштерді әлі қабылдаған жоқ. Қазіргі кезде республикада 2013 жылы Үкімет белгілеген тарифтер қолданылады, олар өзгерген жоқ және бұл тарифтер одан әрі жұмыс істейтін болады», - деп сендірді министр.


Сондай-ақ, ол екінші санаттағы жолдарда тарифтер төмен болатынын, бірақ нақты сома кейінірек белгіленетінін айтты. Ақаулы жолдар үшін төлем қабылданбайды. Мұндай екі учаске бар – Павлодар мен елорданың арасында және оңтүстікте Қызылорда ауданында. Жолдарды тұрақты түрде күтіп-ұстауға бюджеттен жұмсалатын қаржыны басқа да әлеуметтік проблемаларды шешуге бағыттауға болатыны маңызды.