«1 маусымнан бастап ақылы жолдарды іске қосу жоспарланған болатын. Ол үшін автоматикалық желіні дайындау керек. 5800 шақырым жерде сол жүйе монтажы жасалып, тесттен өтті. Ашылатын жолдардың сапасы қайта тексерілуде. Бұл жұмыстар мамыр айында басталып, әлі аяқталған жоқ. Біраз жерді жөндеп, есептеу қажет. Жолдарды жөндеу біткен соң әр учаскені арнайы актімен қабылдап, ашамыз. Министрлік бұл шешімді өз нормативтік-құқықтық актісімен, яғни бұйрығымен әлі қабылдаған жоқ. Ақылы жолдарды шілде айына дейін іске қосу керек, сапасы жағынан өтсе, учаскелер автоматикасы жұмыс істесе, жолдар ашылады», - деді министр өз жауабында.