Оның айтуынша, 1 млн-нан астам азамат eGov mobile қосымшасының белсенді пайдаланушысы болып табылады. 15 цифрлық құжат іске асырылды. Соңғы кейстердің бірі 250 мыңнан астам азамат қолданған «вакцинация паспорты». Қазіргі кезде ХҚКО-ларда, ТЖ-тасымалдар кезінде цифрлық құжаттар қабылдануда, әуе тасымалдар бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Маусым айында 5 әуежайда және басқа авиакомпанияларда қамтуды кеңейту жоспарлануда.


«Ashyq» қосымшасы бойынша «ҰАТ» АҚ инфрақұрылымына көшу аясында функционалдың бір бөлігі заманауи тілге көшірілді, оркестрлеу, кластерлеу және серверлік жабдықтау құралдары енгізілді. Осы сияқты жұмыстар Денсаулық сақтау министрлігімен де жүргізілді, өйткені азаматтардың ПТР-тестілерінің нәтижелері министрлікте және сол жерден көрсетіліп, тартылып жатыр», - деді спикер.