«Қазірдің өзінде «Kaspi.kz»-пен бірге өзіміздің ақпараттық жүйелерді біріктірдік. Нәтижесінде, «Kaspi» бөлімшелерінде клиенттерге жеке куәлікті көрсету үшін «eGov Mobile» қосымшасында цифрлық жеке куәліктің бірегей кодын жазу жеткілікті. Осы функцияны 2 миллионнан астам адам пайдаланды. Цифрлық құжаттарды одан әрі дамыту үшін тек қана «eGov Mobile» қосымшасы ғана емес, басқа да мемлекеттік органдар, мекемелер болсын, олар бізбен бірге интеграциялау жұмыстарын жүргізуі керек», - деді Б.Мусин.


Бұл ретте министр Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларын мысал ретінде келтіріп өтті. Бүгінде адамдар цифрлық құралдар арқылы ұшуға мүмкіндік беріліп отырғаны алғысын білдіруде. Алдағы уақытта бұл бастама басқа да әуежайларда қолға алынатын болады. 


Айта кетейік, цифрлық құжаттарды нотариустарда да пайдалануға болады.
Цифрлық құжаттарға қолжетімділік «Е-нотариат» сервисімен интеграциялау арқылы қамтамасыз етілді. Ал Интернетке қолжетімділік толық немесе ішінара болмаған жағдайда қызметті офлайн режимде де алуға болады.