«Пандемия жағдайында бетперделер, медициналық қорғаныс құралдарын шығару жолға қойылды. Коронавирус тарала басталғанда медициналық бұйымдар шығаратын өндірістер саны 7 болса, бүгінде бұл көрсеткіш күн сайын артып келеді. Өткен жылмен салыстырғанда, 12 пайызға өскен. Ал импортқа келетін болсақ, сырттан әкелінетін медициналық бұйымдар нарықта бәсеке тудырып, бағаны төмендетуде. Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық өндірушілердің өнімін сырт елдерге шығару мәселесі де қарастырылуда. Тиісті мемлекеттік органдармен бірлескен бұйрық жасалды», - деді департаментінің басшысы өз жауабында. 


Оның айтуынша, былтыр маска, жеке қорғаныс костюмдері жетпегендіктен аталған медициналық бұйымдарды экспортқа шығаруға тыйым салынған болатын.