«Бүгінгі күні мемлекеттік кепілдендірілген заң көмегі аясында мыңнан астам адвокат тағайындалды. Бұл жақсы. Неге? Себебі, осы жүйе қолданысқа енгізілгенге дейін МКЗК шеңберінде тек кезекші адвокаттар ғана тағайындалды. Сіздер бұл процедураны білесіздер: адвокаттар коллегияда кезекшілік етеді, әсіресе демалыс пен мереке күндері, олар көп емес және оларды тек мемлекет есебінен адвокат берілген жағдайларда ғана тағайындауға болады. Электрондық жүйе тағайындауға болатын адвокаттар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Белгілі бір дәрежеде азаматтар таңдау жасай алады. Әрине, адвокаттар үшін бұл да ыңғайлы, өйткені есеп беру электронды форматта да жүргізіледі. Бұл олардың ресурстарын үнемдейді», - деп түсіндірді ведомство басшылары.