Оның айтуынша, әр түрлі бағыттағы дарындылықты анықтау үшін өткізілетін жарыстардың саны ғана емес, сонымен қатар жарыстардың сапалық сипаттамалары да артты. Олар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің барлық деңгейлерін қамтиды.


Енді олимпиадалар мектептің мәртебесіне байланысты сараланады. Себебі тізімге ауылдық, сондай-ақ мамандандырылған және жекеменшік мектептер енгізілген.
Сонымен қатар республикалық олимпиадаларға бастауыш (2-4) және орта (5-6) сынып оқушылары қатыса алады.


Қазақстандық жоғары оқу орындары да олимпиадаларды өткізе бастағаны жаңашылдықтардың бірі болып табылады, олар жеңімпаздар мен жүлдегерлерге гранттар бөлуді және университетке қабылдау кезінде оқуға жеңілдікті ақы төлеуді көздейді.


«Биылдан бастап мектеп оқушыларына арналған жоғары оқу орындарының олимпиадалары анықталды, олардың мақсаты мамандыққа тарту, кәсіптерді меңгеру үшін тереңдетілген білімді өлшеу, кәсіптік бағдарлау жұмыстары болып табылады», - деп атап өтті педагог.


Бұдан басқа, тізбеге педагогтарға арналған 33 олимпиада мен конкурс енгізілген, олардың нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін болады.