Өткен апта көптеген қазақстандық спортшы үшін табысты болды. Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиевтің айтуынша, бокстан әйелдер құрамасының мүшелері қуантты.

«Бокстан Азия чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орын. Әйелдер құрамасы 8 алтын медаль жеңіп алды. Ерлер құрамасы, өкінішке орай, нәтиже бойынша сәтті өнер көрсеткен жоқ, алайда шеберліктерін көрсете білді. «Роланд Гаррос»турнирінде теннисшілер қуантты. Елена Рыбакина Қазақстан тарихында алғаш рет әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Серена Уильямсты жеңді. Андрей Голубев пен Александр Бублик турнирдің ширек финалына шықты. Хоккей құрамасына әлем чемпионатының плей-оффқа шығу үшін бір ғана қадам жетпеді, бірақ бұл да үлкен жетістік. Ғұсман Қырғызбаев әлем чемпионатында күміс медаль иеленді», - деді спикер барлығын жеңістерімен құттықтай отырып.