«2021 жылдың сәуір-мамыр айларында Қазақстанға Германия мен Нидерланд елдерінен картоп тұқымы әкелінді. Карантиндік сараптама нәтижесінде «зебра чип» деген бактериялық жұқпалы ауру анықталды. Бұл факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, әкімшілік іс сотқа жіберіліп, сот шешімі шығарылды. Тасымалдаушыға айыппұл салынып, жүк тәркілеуге және жоюға жіберілді. Мұндай ауру елімізде бірінші рет тіркелді», - деді А.Марсов.
Қалған 7 факті бойынша сот процестері жүруде. Қазіргі кезде карантиндік бақылау күшейтіліп, тиісті жұмыстар қолға алынуда.