«Жердің пайдаланылмай жатқандығы немесе тиімсіз пайдаланылып жатқандығын тексеруді жеңілдету үшін былтыр заңға өзгеріс енгізілген. Басқа тексеру нәтижелерімен бірге космомониторинг, космосинингтерді қолдануды заңдастыру мәселесі. Былтыр Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жүргізілген космомониторингтің нәтижесі бойынша пайдаланылмай жатқан 8,3 млн га жер анықталды. Оның ішінде 2,6 га қайтарылды. 2,2 млн га жерде жұмыс істеп жатқан шаруашылықтар жұмыстарын қайта жандандырды, енді 3,5 млн га қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр», - деді министр. 


Оның айтуынша, космомониторинг әр облыспен келісімшарт жасау арқылы «Қолдау» бағдарламасы аясында жүргізіледі және тек жайылмалы жерлерді ғана тексеруге бағытталған. Ал астық егілетін жерлерді тексеру енді ғана басталады.