Оның айтуынша, дәрі-дәрмекпен проблемалар жоқ, екі айлық қор құрылды. Сонымен қатар, дәрі-дәрмек сатып алуға жергілікті бюджеттен 488 млн теңге бөлінді. Неғұрлым сұранысқа ие дәрілік заттардың болуына мониторинг жүргізіледі.


«Халықты вакцинациялау бойынша кең ауқымды науқан жалғасуда. 106 егу кабинеті жұмыс істейді, оның 91 - і аудандық деңгейде. Сонымен қатар, шалғай елді мекендердің тұрғындарын вакцинациялау үшін 39 мобильді топ құрылды. Ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа вакциналардың І компонентінің 129 050 дозасы жеткізілді, оның 74% - дан астамы пайдаланылды, екінші компонент бойынша 87 300 доза қойылды, оның ішінде кестеге сәйкес 46,8% - ы пайдаланылды», - деп хабарлады өңір басшысы.


Вакцинаны тасымалдау «суық тізбек» шарттарын сақтай отырып, арнайы термоконтейнерлермен жүзеге асырылады.