«Кальцилендірілген сода өндіру жобасы аймаққа 92 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Зауыттың өзінде 700 жаңа жұмыс орны және сервистік компанияларда 500-ден аса жұмыс орны ашылады. Мұны қоспағанда шамамен 1000 жұмыс орны ашылады. Бұл дегеніміз қаншама отбасыға мүмкіндік. Оның үстіне, зауыттан шыны зауытына шикізат алынады. Сонымен қатар, бөгет салу, шлак түсетін деңгейді көтеру сияқты экологиялық талаптар бойынша іс шаралар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ зауытта жаңа технология пайдаланылады. Нәтижесінде шлак аз болады және ол қайта өңделеді», - деді облыс әкімі. 


Г.Әбдіқалықова зауыт құрылысына байланысты мамыр айында Арал тұрғындарымен кездесу өткізілгенін атап өтті. 


Айта кетейік, дәл осындай сода өндіретін зауыт көршілес Өзбекстанда іске қосылған. Алдағы уақытта белсенділерді тарта отырып, осы кәсіпорынның жұмысымен таныстыру ұйымдастырылады. Бұл тұрғындарға зауыт құрылысының қауіпсіз екендігіне көз жеткізуге мүмкіндік береді.